Categories Жайық news

«АУЫЛ АЙНАСЫ» — 95 ЖЫЛ

«ЕРЕН ЕҢБЕК» ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар аудан орталығында жалғасын тапты.

Осы айтулы мереке аясында КСРО Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, аудандық газеттің бас редакторы қызметін атқарған қаламгер Зайдолла Қабдығалиевтің 90 жылдығына орай туған ауылындағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шарада сөз алған Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов елін ойлаған, туған жеріне адал қызмет еткен, өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарған азаматтың өнегелі өмір жолына тоқталып, оның аудан журналистикасының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Шара барысында аудандық редакцияның ардагерлері Рабиға Кенжина, Гүлнәр Алғазиевалар Зайдолла Қабдығалиевтің Казталов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, өңірдің өзекті мәселелерін батыл көтерген қаламгер болғанын еске алып, тағылымды естеліктерімен бөлісті. Ал марқұмның ұлы Сапар Зайдоллаұлы көрсетілген құрметке әулеті мен ұрпақтары атынан ризашылығын білдірді.

Ескерткіш тақтаның ашу құрметі редакция ардагері Гүлнәр Алғазиев мен қаламгердің ұлы Сапар Қабдығалиевке ұсынылды.

Салтанатты шара әсем әнмен әрленіп, көпшілік ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, ерен еңбегімен ел жадында қалған азаматтың рухына тағзым етті.

Ұқсас жазбалар

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…