Categories Саясат

Трамп Ұлттық ғылыми кеңесті таратып жіберді: мүшелер қызметінен босатылды

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ұлттық ғылым қорын бақылайтын тәуелсіз кеңес мүшелерін қызметінен босатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамп атынан жіберілген электронды хатта кеңес мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылғаны айтылған. Бұл шешім ғылыми қоғамдастықтың наразылығын тудырды.

«Бізге ешқандай түсініктеме берілмеді. Бұл – ғылымға саясаттың араласуы», – деді бұрынғы кеңес мүшелерінің бірі.

Ұлттық ғылым қоры жыл сайын миллиардтаған доллар грант бөледі, ал кеңес оның жұмысын бақылап отыратын. Таратылған мүшелердің орнына кім келетіні әлі белгісіз.

Ұқсас жазбалар

Министр сәбиімен курьер болған әйел туралы пікір білдірді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев сәбиін арқалап курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір…

Депутат Снежанна Имашева рақымшылықтың мәнін түсіндірді

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа Конституцияға байланысты рақымшылық жасау тәртібін түсіндірді.

Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі…