Байқоңыр ауданында үш аула жаңартылды: тұрғындар қуанышта

Биылғы Бірлік күніне орай Байқоңыр ауданында үш аула толық жаңғыртылды. Жаңа көрік берілген аулалар Республика даңғылы, 16 және 18-үйлердің, сондай-ақ Отырар көшесі, 18-үйдің маңында орналасқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл аулаларда балалар мен ересектерге арналған заманауи ойын алаңдары, орындықтар мен жасыл желектер орнатылған. Тұрғындардың айтуынша, бұрын бұл жерлер ескіріп, жөндеуді қажет еткен.

«Енді балаларымыз қауіпсіз ойнай алады, өзіміз де демалуға жағдай жасалды. Жергілікті әкімдікке алғыс айтамыз», – дейді аула тұрғыны Айгүл Сәрсенова.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аулаларды абаттандыру жұмыстары «Бірлік күніне» арнайы жоспарланған. Бұл – аудандағы тұрғын үйлердің аулаларын жаңарту бағдарламасының алғашқы кезеңі. Алдағы уақытта тағы бірнеше ауланы ретке келтіру жоспарда бар.

Ұқсас жазбалар

Президент: Қазақстан медицинаға озық технологияларды енгізуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке денсаулық сақтау инфрақұрылымын толық жаңғыртуды тапсырды.

Президент: Дәрігерлердің қауіпсіздігі ерекше бақылауда болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы пікір білдірді.

Елде шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 29 адам қаза тапты, оның 16-сы – балалар.