Categories Спорт

ҚПЛ: «Қайсар» биыл алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қызылордалық «Қайсар» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 9-турында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қызылордалық команда жыл басында қазақстандық футболшыларға сенім артатынын білдірді. Десе де қазірге дейін жеңістің кілтін таба алмай келді.

Бүгін олар өз алаңында Түркістанның «Тұран» командасын қабылдады. Кездесу барысында қос қарсылас тартысты ойын өткізді.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде «Тұран» қақпасына белгіленген пенальтиден Айбар Жақсылықов мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Қайсар» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сондай-ақ «Жеңіс» (Астана) пен «Қызылжар» (Петропавл) 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір «Елімай» (Семей) мен «Қайрат» (Алматы) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп — 0:0.
Ал «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі кейінге шегерілді.

Бүгін елордалық «Астана» сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытау» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Ал 17 мамырда көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбеге» 1:3 есебімен есе жіберсе, «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

 

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек…

Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті

Әлем чемпионатының В тобындағы Швейцария мен Катар құрамалары алғашқы кездесуін өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енгізіледі

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енгізіледі. Салтанатты рәсім 14 маусым күні АҚШ-тың Канастота қаласында…