Categories Әлем

Кене шағып, адам өліп жатыр: маусым ерте басталды

Биыл көктем ерте келді. Күн жылып, көк шыға салысымен кенелер де қауіп төндіре бастады. Эпидемиологиялық маусым әдеттегіден бір ай бұрын ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, кене шағудан болатын аурулардың алдын алу үшін вакцина салдыру қажет. Әсіресе орманды, далалы аймақтарда тұратындар сақ болуы керек.

«Кенелер конго-қырым геморрагиялық безгегі, энцефалит, Лайма ауруы сияқты қауіпті індеттерді таратады. Өткен жылы елімізде кене шағудан 5 адам қайтыс болды», — дейді эпидемиологтар.

Дәрігерлер кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Сондай-ақ табиғат аясына шыққанда қорғаныш киім киіп, репеллент қолдануды ұмытпаңыз.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…