Сурет: istockphoto.com
Мәжіліс нотариустардың жұмысына қатаң бақылау орнататын заңды екінші оқылымда қабылдады. Енді нотариустар өз қызметінде жіберген қателіктері үшін ауқымды жауапкершілікте болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа түзетулер нотариаттық қызмет пен заң көмегі көрсету саласын реттейді. Заң жобасы азаматтардың құқығын қорғауға және нотариустардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.
«Бұл өзгерістер нотариустардың жауапкершілігін күшейтіп, халықтың сенімін арттырады», — деді Мәжіліс депутаты.
Енді нотариустар мәмілелерді тіркеу кезінде жіберген қателіктері үшін материалдық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру талаптары қатаңдатылды.

