16 облыста дауылды ескерту: қар, бұршақ, тұман күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

23 мамыр күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Кей өңірлерде қар жауып, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін.

Дауылды ескерту әсіресе солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға қатысты. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

«Қазақстанның 16 облысында 23 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды. Жауын-шашын, найзағай және тұман күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады: жолда абай болу, көлік жүргізу кезінде жылдамдықты азайту, далада ұзақ уақыт болмау керек.

Ұқсас жазбалар

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге байланысты ішінара жабылады. Жұмыстар мердігер қаражаты есебінен жүргізіледі.