Categories Әлем

Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру: қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Соңғы кездері әлеуметтік желіде «хайп» үшін табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жиілеп кетті. Ішкі істер министрлігі мұндай әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, табиғи парктер, қорықтар мен тарихи ескерткіштерге келтірілген залал үшін кінәлілерге 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

«Мұндай әрекеттер – қоғамға қарсы қылмыс. Біз әрбір фактіні тіркеп, тергеп жатырмыз. Әлеуметтік желіде танымал болу үшін табиғатты бүлдіру – заңсыз», – деді ІІМ ресми өкілі.

Өзге де аймақтар сияқты Батыс Қазақстан облысында да табиғи нысандарды қорғау шаралары күшейтілген. Жайық өңіріндегі ерекше қорғалатын аумақтарда бейнебақылау камералары орнатылып, рейдтер тұрақты жүргізілуде.

Азаматтарды табиғат пен тарихқа ұқыпты қарауға шақырамыз. Кез келген бұзушылық туралы полицияға хабарлауға болады.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…