Categories Жайық news

Депутат Roblox ойынының қаупі туралы дабыл қақты: Балаларға қандай қатер төніп тұр?

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қазақстандағы балалар үшін танымал Roblox ойын платформасының ықтимал қауіптерін бағалауға шақырды. Оның айтуынша, сервис аудиториясының басым бөлігі – кәмелетке толмағандар, ал олардың психикалық және физикалық денсаулығына төнетін қатерлер ата-аналар мен сарапшыларды алаңдатып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Amanat фракциясының мүшесі Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында Roblox платформасында балалар тап болуы мүмкін бірнеше қауіпті атап өтті. Депутат бұл ойынның виртуалды тәуелділікке әкеліп, балалардың бойында агрессивті мінез-құлық қалыптастыратынын жеткізді.

«Платформадағы ойын чаттарын алаяқтар мен педофилдер балалармен байланыс орнату үшін пайдаланады. Олар жағымсыз контент таратып, балалардың психологиясына кері әсер етеді. Компания қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеміз десе де, күн сайын жазылатын миллиондаған хабарламаны толық бақылау іс жүзінде мүмкін емес», – делінген депутат сауалында.

Осыған байланысты Үнзила Шапақ Үкіметтен Roblox ойынының балаларға әсерін жан-жақты бағалауды, қажет болса, бақылаудың қосымша шараларын қарастыруды сұрады. Сонымен қатар ол онлайн-ойын платформаларына қатысты тіркелген құқық бұзушылықтар туралы нақты деректерді ұсынуды талап етті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…