Алматыдағы апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жіберілді

Сурет: Aikyn.kz

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданды. Қайғылы оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға былтыр қараша айында болған. Полиция қызметкері қызметтік көлікпен келе жатып, жол ережесін бұзып, бірнеше көлікпен соқтығысқан. Салдарынан жол апатынан бір адам оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу аяқталды. Іс сотқа жіберілді. Енді сот отырысында бәрі белгілі бола түспек», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі.

Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Көпшілік полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтуді талап етуде.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 8 маусымда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай, бұршақ,…

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

32 жастағы ер адамның денесі жалға берілетін уақытша баспанадан табылды. Полиция марқұмның танысын анықтап, оны…

Астанада екі шаруашылық құрылысы өртенді

Астанада Байқоңыр ауданында екі шаруашылық құрылысы өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.