Categories Спорт

«КЕРДЕРІ» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ!

6 қыркүйек күні БҚО Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде «Парасат» ҚБ ұйымдастыруымен «Жайық Арена» алаңында шағын футболдан сайыс өткізілді.

Шараның мақсаты дін өкілдері арасында ауызбіршілікті, қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, ортақ құндылықтарды қастерлеуге шақыру.

Шараны Дін істері басқармасы мен  «Парасат» ҚБ-нің өкілдері ашып, облыстық шағын футбол федерациясының вице-президенті А.Камилов сайыс ережесін түсіндірді.

Спорттық шараға барлығы 12 команда, 100-ден астам адам қатысты. Олар: Шыңғырлау ауданы «Үммет», Бөрлі ауданы «Ақсай мешіті», Теректі ауданы «Әл-Фатиха», «Бөкей ордасы» ауданы командасы, Орал қаласынан «Кердері», «Орал», «Қара бала», «Деркөл жамағаты», «ММ ТЕАМ», «Легенда», «Асыл Үммет», «Парасат» командалары.

Ойын қорытындысында үшінші орынды «Қара бала» командасы, екінші орынды «Орал» командасы, бірінші орынды «Кердері» командасы иеленді.

Одан бөлек «Үздік қақпашы» (Сеитов Марат — «Орал»), «Үздік шабуылшы» (Сагидуллаев Ербол — «Қара бала») және «Үздік ойыншы» (Қайыржанов Нұрлыбек —  «Шыңғырлау») номинацияларында жеңімпаздар анықталды.

Командалар мен номинация иегерлері ұйымдастырушылар тарапынан бағалы және қаржылай  сыйлықпен марапатталды. Атап айтқанда, бірінші орынға ие болған командаға 50 мың теңге, екінші орынға шыққан командаға 30 мың теңге, үшінші орынға жайғасқан командаға 20 мың теңге табыс етілді.

БҚО Дін істері басқармасы

 

Ұқсас жазбалар

Анна Данилина «Ролан Гаррос» жұптық финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатының жұптық сынында финалға шықты. Жартылай финалда ол сербиялық…

Шорт-трек пен конькимен жүгіруден ұлттық құраманың бас бапкерлері тағайындалды

Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен шорт-трек пен конькимен жүгіруден ұлттық құраманың бас бапкерлері тағайындалды.

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубы сапында соңғы ойындарын өткізеді. Ол лондондық «Челсиге» ауысар…