Categories Жайық news

БҚО-да «қосымша табыспен» алдаған алаяқтар 17 млн теңгеден аса ақша жымқырған

Батыс Қазақстан облысында дропперлік сызбалар арқылы интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің орынбасары Азамат Ахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, «уақытша жұмыс» деп сендірген алаяқтар жастарды өз атына банктік шот ашуға үгіттеген. Бұл шоттар кейін интернет-банкинг арқылы бақылауға алынған.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Департамент мәліметінше, шот иелері осындай қызметі үшін 200-ден 350 долларға дейін ақы алып отырған. Алаяқтар жәбірленушілердің ақшасын дропперлер арқылы үшінші тұлғаларға аударып отырған.

Нәтижесінде заңсыз транзакциялар көлемі 17 миллион теңгеден асып кеткен.

Жастар неліктен дропперге айналады?

Деректерге қарағанда, алаяқтар көбіне жұмыссыз немесе қосымша табыс іздеп жүрген жастарды нысанаға алған. Олар ұсыныстың заңсыздығын байқамай, жеңіл табысқа алданады.

Азамат Ахметовтің айтуынша, шот бұғатталғаннан кейін дропперлердің бірі бұл іске араласудан бас тартқан. Алайда қылмыстық топ оны қорқытып, шотқа қайта кіріктіруді талап еткен.

Қазір тергеу қай сатыда?

Тергеу органдары мұндай қылмысқа қатысы бар ұйымдастырушыға бұлтартпау шарасын қолданып, қамауға алған. Іс материалы сотқа жолданбақ.

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…