«Gosauda» дауы: халық сенген блогерлердің жауапкершілігі бар ма?

Әлеуметтік желіде «Gosauda» атты компанияға қатысты дау қыза түсті. Ғалымбек бастаған қосымша бүгінде «қазір жоқ» компанияға айналғанымен, кезінде оны елге танымал, халық «құдайындай сенген» блогерлер жаппай жарнамалаған.

Ирина Раззах есімді қолданушы өз парақшасында:

«Менің шақшадай басым жеткен ойға, олардың депутат болатындай басы жетпеген бе? Егер сол блогеріңіздің жарнамасына сеніп ақша салған болсаңыз, алдымен соған барып айтыңыз. Егер тағы да әдеттегідей үнсіз қалса, арыз жазғанда блогердің де аты-жөнін, парақшасын көрсетіп салыңыз. Бұл компаниядан Мейіржан сияқты үлесін алған болса, ол да сіздің алдыңызда жауапты»

– деп пікір білдірді.

Қазір қоғамда басты сұрақ — жарнаманы ақша үшін жасаған блогерлер де алданған жұрт алдында жауап беруі керек пе?

Бір тарап блогерлерді халықты адастырды деп кінәлап отыр.Aл енді бірі олар да «жұмысын істеді, компанияның заңсыз екенін білмеді» дейді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан халқы 20,5 млн-ға жетті: қай ұлт көп?

2026 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы 20,5 млн адамға жетті. Қазақтар – 71,5%, орыстар –…

2 мамырда Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ күтіледі: жел де күшейеді

2 мамырда Қазақстанда жаңбыр, бұршақ және күшті жел күтіледі. Синоптиктер ескерту жасады.

ТЖМ дабыл қақты: өрт шықса не істеу керек?

ТЖМ өрт қауіпсіздігіне сақ болуға шақырып, 101 немесе 112 нөміріне хабарлауды ескертті.