Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтап, оларға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруда және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері сындарлы жұмыс істеуі қажет», – делінген Президент үндеуінде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына терең тоқталып, оның негізі жауапкершілік пен жасампаздықта жатқанын жеткізді.

«Заңды құрметтеу арқылы егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғау – ұлты мен дініне қарамастан, әрбір отандасымыздың қасиетті міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Мөлдір бұлақ» акциясы: 100-ден астам адам бұлақты қоқыстан тазартты

Астанада «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 100-ден астам адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты. Шара «Таза Қазақстан»…

Путин Қазақстанға келе ме? Тоқаев Лавровпен кездесті

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары таяуда өтуі мүмкін. Бұл туралы Ақордада өткен кездесуде айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін 80 жасқа толуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, достық байланыстарды атап өтті.