Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтап, оларға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруда және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері сындарлы жұмыс істеуі қажет», – делінген Президент үндеуінде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына терең тоқталып, оның негізі жауапкершілік пен жасампаздықта жатқанын жеткізді.

«Заңды құрметтеу арқылы егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғау – ұлты мен дініне қарамастан, әрбір отандасымыздың қасиетті міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

Астанада жазда 14 бала терезеден құлап мерт болды: қалай сақтануға болады?

Астанада жазда балалардың терезеден құлауы жиілеп, өткен жылы 14 бала қаза тапты. ТЖД ата-аналарды сақтық…

Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды

Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Сараптама қорытындысы бойынша, ол өз әрекетін толық…