Categories Жайық news

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионы атағынан айырылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық титулынан айырды, себебі спортшы допинг дауына байланысты рингке шыға алмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

IBF жолдаған ресми хатқа сәйкес, Әлімханұлы өз белбеуін 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы тиіс болған. Алайда, допингке қатысты даудан кейін оның 2026 жылдың желтоқсанына дейін жекпе-жекке шығуына тыйым салынған. Осыған байланысты федерация оның титулын босатты.

Бұл шешіммен келіспеген боксшының командасы апелляциялық шағым түсіруге дайындалып жатыр. Бұл жаңалықты Қазақстан бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков растады.

«Жәнібек биыл үлкен рингке бұрынғыдан да мықты болып оралады және жақын арада әлемнің барлық 4 белбеуін міндетті түрде жеңіп алады. Өз кезегінде, Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляция береді», — деді Рақымжан Ерденбеков.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.