Categories Жайық news

Кәсіпкерлер назарына: Енді бір ғана терминал мен QR-код міндетті болады

2026 жылдан бастап қазақстандық кәсіпкерлер бірнеше банктің терминалын ұстаудан құтылады. Енді тауар мен қызмет ақысын қабылдау үшін бірыңғай QR-код пен бір ғана терминал жеткілікті болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа ережеге сәйкес, еліміздегі барлық банк банктер арасындағы мобильді төлемдер жүйесіне міндетті түрде қосылуы керек. Бұл өзгеріс клиенттерге де ыңғайлы: енді олар кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы бір ғана QR-кодты сканерлеп, төлем жасай алады. Осылайша, әр банк үшін жеке терминал мен QR-код қою қажеттілігі жойылады.

Дегенмен, бұл талаптың кейбір ерекшеліктері бар. Төлем терминалы болуы міндетті қызмет түрлерінің тізімін Үкімет арнайы қаулымен бекітеді. Сондай-ақ, интернет байланысы жоқ шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер бұл ережеден босатылады.

«Бұл жүйе қазір пилоттық режимде іске қосылды. Оған еліміздегі 23 банктің әзірге алтауы ғана қатысып жатыр. Жаңа талап 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап барлығы үшін толықтай міндетті болады.»

Ұқсас жазбалар

Елордадағы зәулім үй өртенді: 15-қабаттан үш баланың денесі табылды

Астананың Есіл ауданындағы көпқабатты үйде өрт болып, үш бала қаза тапты. Тағы бір әйел күйікпен…

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…