Categories Жайық news

Трамптың жаңа талабы: Украина қауіпсіздік үшін Донбасты Ресейге беруі тиіс

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Киевке қысымды күшейтіп, Ресеймен бейбіт келісімге келу үшін Украинаны аумағының бір бөлігінен бас тартуға мәжбүрлеп отыр. Financial Times басылымының жазуынша, Вашингтон Украинаға қауіпсіздік кепілдігін тек жерінің бір бөлігінен бас тартса ғана беретінін ашық меңзеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әңгіме, ең алдымен, Кремль көптен бері көздеп отырған Донбасс туралы. Басылыммен сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Ақ үйдегілер бұл соғысты тоқтатудың «бағасы» деп санайды. Бұл Вашингтонның Украинаның ұстанымына қарамастан, Владимир Путиннің талаптарымен белгілі бір деңгейде келісуге дайын екенін білдіреді.

Алайда ресми Киев мұндай шартпен мүлдем келіспейді. Украина өз аумағынан өз еркімен бас тартпайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта украин әскері Донбасс аумағының шамамен 20 пайызын бақылауда ұстап отыр.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдіктері туралы құжат «100 пайыз дайын» екенін, тек қол қою ғана қалғанын айтқан еді. Алайда АҚШ-тың араласуымен Әбу-Дабиде өткен Украина мен Ресей келіссөздерінен кейін де бұл мәселе шешілген жоқ.

«Аумақтарға қатысты біздің ұстанымымыз түбегейлі әртүрлі», — деп мәлімдеді Зеленский.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы зәулім үй өртенді: 15-қабаттан үш баланың денесі табылды

Астананың Есіл ауданындағы көпқабатты үйде өрт болып, үш бала қаза тапты. Тағы бір әйел күйікпен…

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…