Оралда жаңа hub пен Жастар мәдениет сарайы ашылды

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов креативті индустрия саласындағы маңызды жаңалықтармен бөлісті. Қалада ÓzgeEpic Oral creative hub және күрделі жөндеуден өткен Жастар мәдениет сарайы ашылды.

Жаңа мәдени-шығармашылық орталықтарда коворкинг аймақтары, медиа студиялар, шеберханалар, кітапхана мен концерт залы жұмыс істейді. Мұнда жастар өз жобаларын жүзеге асырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ Горький атындағы қалалық кітапхана да жаңартылып, Қадыр Мырза Әлі атындағы кабинет пен жастарға арналған заманауи коворкинг орталығы ашылды.

Мұрат Байменовтің айтуынша, бұл бастамалар қала жастарының мәдени өмірін жандандырып, креативті экономиканы дамытуға серпін береді.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жаңа идеологияның өзегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын елдің жаңа идеологиясының негізі деп атады.

Қаңғыбас иттерден зардап шеккендер көбейді: Президент не деді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаңғыбас иттер мәселесін көтеріп, балалар мен ересектердің қауіпсіздігіне…

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқандарды марапаттады

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқан азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында еріктілер мен экоактивистер бар.