Categories Жайық news

Батысқазақстандық дәрігерлер Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді

Батыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлері енді Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларында тәжірибеден өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ичхон қаласындағы Квандонг университеті жанындағы «Святая Мария» халықаралық клиникасының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестік мәселелерін талқылап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Святая Мария» клиникасы — қысқа уақыт ішінде медициналық инновациялар мен ғылыми тәжірибені тиімді үйлестіре білген заманауи орталықтардың бірі. Мұнда түрлі елдерден келген білікті ғалымдар мен тәжірибелі мамандар еңбек етеді.

Енді батысқазақстандық дәрігерлер аталған клиника базасында тағылымдамадан өтіп, хирургия, онкология және терапия бағыттарында заманауи емдеу әдістерін меңгереді. Сонымен қатар өңір тұрғындары корейлік профессорлармен онлайн-кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл келісім Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесі 24-27 сәуірде жабылады

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі 24-27 сәуірде көлік қозғалысы үшін жабылады.

Щучинск жарылысы: тағы екі күдікті ұсталды, құрбан саны 12-ге жетті

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы жарылысқа қатысты тағы екі күдікті ұсталды. Құрбан саны 12-ге жетті.

Павлодарда студенттер қатарластарынан ақша бопсалап, ұсталды

Павлодарда екі студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болып, полицияға ұсталды. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.