Categories Жайық news

«Таза Қазақстан — бірлік пен жауапкершілік» жастар диалог алаңы

Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан — бірлік пен жауапкершілік» атты студент жастармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеологиясын кеңінен насихаттау, жастар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Кездесуге экология, жастар саясаты және азаматтық белсенділік саласында еңбек етіп жүрген бірқатар спикерлер қатысып, студенттермен ашық пікір алмасу жүргізді. Іс-шара барысында экологиялық бастамалардың маңыздылығы, жастардың қоғамдағы рөлі, волонтерлік қызмет пен жасыл ойлау мәдениетін дамыту мәселелері қозғалды.

Сахым Дәуренбек Қалапбергенұлы, «ЭкоСақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, эко-белсенді:

«Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция емес, бұл – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс тұжырымдама. Экологияны қорғау ең алдымен жеке жауапкершіліктен басталады. Студент жастар осы идеологияны қоғамға тарататын негізгі қозғаушы күш болуы керек».

Сарсенбаев Нұрсұлтан Чапаевич, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

«Бүгінгі кездесудің басты мәні – жастарға «Таза Қазақстан» идеясын дұрыс түсіндіру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Экологиялық мәдениет – ел болашағының сапасын айқындайтын маңызды фактор. Осы бағытта жастардың бастамаларын қолдау – біздің негізгі міндетіміз».

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы

Султашева Фариза Аязбаевна:

«Қоршаған ортаны қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Табиғатты ұқыпты пайдалану мен экологиялық талаптарды сақтау бүгінгі күннің басты талабы. Жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру – ұзақ мерзімді нәтижеге бастайтын қадам».

Кездесу барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, спикерлерге сұрақтар қойды. Экологиялық волонтерлік, жастар жобалары мен бастамаларды қолдау мәселелері де талқыланды.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, студент жастарды «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

 

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…