«55 мың теңге айыппұл» Зайсанда ауыл әкіміне бейәдеп сөзі үшін сот үкім шығарды

Зайсан аудандық соты ауыл әкіміне қатысты әкімшілік іс бойынша сот шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 6 қазан күні сағат 15:00 шамасында әкім өз кабинетінде ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше бейәдеп сөз айтқан болатын.

Сотта ол кінәсін мойындап, көпшілік алдында кешірім сұраған. Әкімнің әрекеті куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбамен және оның өз түсініктемесімен расталды.

Сот қаулысымен шенеунік «ұсақ бұзақылық» бабымен кінәлі деп танылып, 55 048 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ұқсас жазбалар

Жеңіс қарсаңында: ардагерлерге 5 млн теңге – Қазақстан көшбасшы атанды

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Қазақстан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне рекордтық көмек көрсетуде. Әрбір…

«Әділет» партиясы Президент реформаларын қолдайтынын ресми мәлімдеді

Астанада «Әділет» партиясының съезінде Президент реформаларына қолдау білдіріліп, мыңға жуық делегат қатысты.

Қазақстан армиясы әлемдік рейтингте 58-орында: нені көрсетеді?

Қазақстан әскері Global Firepower 2026 рейтингінде 58-орынға ие болды. Сарапшылар 145 ел арасында елдің әскери…