Categories Ақорда

Президент Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Президент Асанәлі Әшімовтің театр мен кино өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтіп, оның сомдаған жарқын образдары арқылы ұлттық мәдениеттің көкжиегін кеңейткенін айтты. Сондай-ақ сахна саңлағы ретінде кәсіби шеберлігімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жас өнерпаздарға бағыт-бағдар бергенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің өнегелі ғұмыры мен өнердегі жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады. 🟦Мемлекеттер…

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады. Көне нысан сан…

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады. Атап айтқанда, Қазақстан тарапына…