Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты қатыгездікпен жасалған қылмыс тіркелді. Полиция дерегінше, 29 жастағы екі әйел 16 жастағы жасөспірімді алдап үйінен алып шығып, бірнеше сағат бойы соққыға жығып, азаптаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілер жәбірленушінің қолын темекімен күйдірген, бірнеше рет соққы жасаған және судың астына батырып тұншықтырған. Сондай-ақ, олар қызды қорқыту үшін оқиғаны бейнежазбаға түсіріп отырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалдың шығуына қызғаныш себеп болған. Жәбірленуші бір жігітпен сөйлесіп жүрген, ал күдіктілердің бірі сол жігіттің болашақ жары екені анықталған.

Қорлық көрген қыз ұзақ уақыт бойы бұл туралы жақындарына айтпай жүрген. Кейін анасына болған жағдайды ашып айтып, шағымданған. Салдарынан 2 қыркүйек күні екі әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жазбалар

Шекарадан өту 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады: Қазақстан цифрландыруды жолға қойды

Қазақстанда цифрландыру жобасы аясында шекарадан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады. Жаңа жүйе…

Астанада балалар мінген аттракцион құлады: саябақ басшылығы себебін айтты

Астанадағы Орталық саябақта балалар мінген аттракцион құлап, бірнеше бала жарақат алды. Саябақ басшылығы оқиғаны техникалық…

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік  

Батыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға қатысты заң талаптарын кеңінен түсіндіруде. Бұл мәселе…