Categories Жайық news

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді тарату ережесі өзгереді: Енді олар жалға беріледі

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған оңалту құралдарын (арба, протез) беру тәртібі өзгереді. Енді олар біржола емес, жалға беріліп, кейін мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл жаңалықты Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі жүйе бойынша оңалту құралдары азаматтарға біржола беріледі. Бұл тәртіп құралдардың нақты жағдайын, тозу деңгейін және жөндеу мүмкіндігін толық ескермейді.

«Осыған байланысты біз құралдарды жалға беру және қайтару шартымен қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізіп жатырмыз», – деді Ертаев.

Министрдің сөзінше, қайтарылған техникалық құралдарға арнайы сараптама жүргізіледі. Сараптама қорытындысы бойынша оны жөндеуге, ауыстыруға, қайта пайдалануға, жалға беруге немесе есептен шығаруға болатыны туралы шешім қабылданады.

Егер құралда ақау анықталса, ол жөндеуге жіберіліп, кейін қайтадан пайдалануға беріледі. Ал жарамсыз деп танылса, есептен шығарылып, өтініш берушіге жаңасы тағайындалады. Ведомство басшысы бұл модель оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мерзімін қысқартып, олардың жергілікті жерлердегі қолжетімділігін арттыратынын түсіндірді.

Жаңа жоба маусым айынан бастап Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында сынақтан өткізіледі. Ал жылдың екінші жартыжылдығынан бастап бұл тәжірибені бүкіл елге тарату жоспарланып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас…

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Әлеуметтік желіде «Сары-Арқа Компани» ЖШС пойызында жолаушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ер адамның…

Көліктерді аулаларға, көгалдарға және ойын алаңдарына қоюға тыйым салынады

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидалары күшіне…