Categories Жайық news

Облыс экономикасын әртараптандыру және инвестициялық әлеуетті арттыру  

Батыс Қазақстан облысының экономикасының басым бағыттары – мұнай-газ секторы, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы және агроөнеркәсіп кешені. Аталған салаларда 30 000-нан астам адам еңбек етуде, олар ішкі нарықты бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да экспорт жасайды.

2025 жылдың басынан бері облысқа 748,3 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 80%-ы, яғни 597,1 млрд теңгесі жеке сектор үлесіне тиесілі. Алдағы бес жылда 4,4 трлн теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 73 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Тікелей шетелдік капиталды тарту мақсатында облыс делегациясы Чехия, Ресей, Иран, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне барып, өнеркәсіп, құрылыс, медицина, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында жалпы құны 1 трлн теңге болатын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойды.

Маңызды жобалар қатарында:

«Batys POWER» компаниясының газ турбиналы электр станциясының қуатын 100 МВт-тен 414 МВт-қа дейін арттыру жобасы;

«ZhaikPetroleum Ltd» және Қытайдың «Foshan City Construction Engineering Co» бірлесіп жылына 130 мың тонна метанол өндіру кешенін салу;

«Chengtian Runkang Pharmaceutical» (Қытай) – киік етін қайта өңдеу жобасы;

«Persist Kazakh» K&K (Иран) – «Пуш Руно» тері өңдеу зауытын жаңғырту;

«Красная звезда» (РФ) – Орал қаласындағы кәріз жүйесін тазарту нысанының жобалау жұмыстары.

Осы ауқымды жобалар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндірістер мен заманауи технологияларды енгізуге, сондай-ақ экономикалық өсу мен тұрақты даму жолында маңызды қадам болып табылады.

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…