Конституциялық реформа: Түпкілікті шешімді халық қабылдайды – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан азаматтары қабылдайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл пікірін парламенттік реформа бойынша өткен жұмыс кеңесінде айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты. Кеңес барысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесі, өкілеттіктері мен функцияларын айқындау мәселелері талқыланды.

Ерлан Қарин 9 қаңтарда өткен Жұмыс тобының отырысында осы бағыттағы негізгі тәсілдер әзірленгенін баяндады. Ал Ержан Жиенбаев Президентке реформаға қатысты жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстарды таныстырды.

Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтайдың кезекті жиынын 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізуді белгілеп, тиісті тапсырмалар берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанадағы қоқыс үйіндісінде өрт шықты

Астанадағы қоқыс үйіндісінде өрт шығып, өрт сөндірушілер жалынды сағат 11:00-де ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Балқашта жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының жұмыс бастау рәсіміне қатысты.

Эдинбургте балтамен шабуыл жасаған ер адам бес адамды жарақаттады

Эдинбургте балта ұстаған ер адам мешіт маңындағы адамдарға шабуыл жасап, бес адамды жарақаттады. Күдікті полициямен…