Categories Спорт

Жазғы Универсиада: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Фото: ҰОК

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті.

Дүниежүзілік додада дзюдодан қола үшін белдесуде Аман Бақытжан (60 келі) сынға түсіп, грузиялық балуан Лука Модебадзені жеңді.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев (66 келі) украиналық Микита Холобородконы қапы қалдырып, үздік үштіктен көрінді.

Ал еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп…

БҚО мергендері Жастар ойындарында үздік нәтиже көрсетті!

18–25 шілде аралығында Алматы қаласында VI Жастар ойындары өтуде. Аталған бәсекеге еліміздің 6 облысы мен…

Батыс Қазақстанда жастар арасында «MediaCup2025» турнирі жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында футболдан жастар арасында алғаш рет ұйымдастырылған «MediaCup2025»турнирі өз жалауын көтеріп, тартысты кездесулермен…