Украина президенті Владимир Зеленский 60 жастан асқан ер азаматтарға келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруға мүмкіндік беретін жаңа жарлықты бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Енді егде жастағы азаматтар бір жыл мерзімге әскери қызметке келісімшарт жасай алады. Бұл мерзімді кейін ұзартуға да мүмкіндік қарастырылған.
Бұл шешім елдегі әскери жағдайға және қосымша әскери күштерді тарту қажеттілігіне байланысты қабылданған.
Фото: Әлеуметтік желіден

