Categories Жайық news

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: Әскерилеріміз өздерін қорғай алады

Ұлыбритания үкіметі Ресейдің Украина аумағына ағылшын әскері мен базалары кірсе, олар соққы жасауға заңды нысанаға айналады деген мәлімдемесіне жауап қатты.

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы бұл әскерилердің соғысқа араласу үшін емес, Украинадағы болашақ қауіпсіздік жүйесін құруға жәрдем беру үшін жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, британ сарбаздары тек соғыс аяқталған соң ғана Украинаға енгізіледі және олардың басты міндеті – елдің жаңа қарулы күштерін қалыптастыру, әуе мен теңіз шекарасын қорғауға көмектесу, сондай-ақ Ресейге тосқауыл қою.

«Бұл — қауіпсіздік мақсатындағы күштер. Біз британ әскерін тек ұрыс әрекеттері тоқтағаннан кейін ғана орналастырамыз. Олар Украина армиясын құруға, аспан мен теңіз шекарасын қауіпсіз етуге және Ресейдің болашақ агрессиясын тежеуге атсалысады», — деді баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ, британ сарбаздарының орналасқан кез келген жерінде өзін-өзі қорғау құқығы бар екенін ескертіп өтті.

«Біздің жауынгерлер қайда болса да, өздерін қорғауға толық құқылы», — деді ол.

Ұқсас жазбалар

Close-up of a green nozzle refueling a white car at a gas station.

Келер жылы бензин бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін: Төмен бағаның салдары қандай?

Жанармай бағасы биыл Ресей деңгейімен теңесуі мүмкін. Сарапшылар бағаны нарыққа бейімдеу қажет дейді.

Батыс Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза болды

Фото: Видеодан скрин Батыс Қазақстан облысында екі адамның өліміне соқтырған өрт оқиғасы тіркелді. БҚО ТЖ…

Мәжіліс депутаты «Batys hub» инновациялық орталығы жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Снежанна Валерьевна Батыс Қазақстан облысына іс-сапары барысында «Batys hub»…