Categories Жайық news

«Туған қалам – Оралым»: Қала күніне орай мерекелік концерт өтті

11 қыркүйек күні «Jastar» саябағында қала күніне арналған «Туған қалам – Оралым» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мереке Круглоозерный кенті әкімдігінің қолдауымен және «Шұғыла» комьюнити орталығының бастамасымен өтті.

Салтанатты кеште Круглоозерный кентінің ақсақалдар алқасының төрағасы С.Кенжеғалиев, Мәдени-ағарту бірлестігінің директоры К.Ахметова және кент әкімі А.Неғметов жерлестерін төл мерекемен құттықтап, кенттің қоғамдық өміріне белсене араласқан ардагерлерге қала әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік бағдарламаның аясында қолөнершілердің туындыларынан көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Сондай-ақ заманауи сән бұйымдарының шебері, «Жібек жолы» шапанының авторы, «Айкербез» ұлттық киім және қолөнер орталығының мүшесі Лия Анесова өзінің «Дала үні» топтамасын көпшілікке таныстырды.

Кеш соңында жас өнерпаздар, жетекшілер мен арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Барша оралдықтар қала күні мерекесін ерекше шаттықпен атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары…

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…