Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтап, оларға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруда және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері сындарлы жұмыс істеуі қажет», – делінген Президент үндеуінде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына терең тоқталып, оның негізі жауапкершілік пен жасампаздықта жатқанын жеткізді.

«Заңды құрметтеу арқылы егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғау – ұлты мен дініне қарамастан, әрбір отандасымыздың қасиетті міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Депозиттен тиімдірек: Қазақстандықтар капиталын қайда инвестициялап жатыр?

Қазақстандықтар банк депозиттерінен бас тартып, капиталын облигация, акция және жылжымайтын мүлікке салып жатыр. Сарапшы пікірі.

Трамп АҚШ-ты 53 штатқа дейін кеңейту туралы әзілдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы кешкі аста Канада, Гренландия және Венесуэла есебінен Американы кеңейту туралы…

Үш мұсылман елі делдал болады: Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын

Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді. Тараптар арасындағы диалогқа Түркия, Мысыр және Катар делдал…