Қауіпті аймаққа көпқабатты үйлер салынып жатқаны депутат Бақытжан Базарбектің ашуын туғызды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елді естен тандырған мәлімдеме жасады: оның айтуынша, мектеп пен аурухана салуға үзілді-кесілді тыйым салынған қауіпті аумақтарда қазір еш кедергісіз көпқабатты үйлер бой көтеріп жатыр. Депутат бұл жерлер жер қыртысының жарықтары – тектоникалық разломдардың дәл үстінде екенін ескертті.

«Балаларға арналған мектеп салуға болмайтын жерге қалайша тұрғын үй кешенін тұрғызуға рұқсат береді?» – деп наразылық білдірді ол.

Базарбектің сөзінше, сейсмикалық қауіп карталары жылдар бойы еленбей, құрылыс саласындағы лоббилердің ықпалы басымдық алып келген. Ол министрліктен бұл мәселеге қатысты нақты әрі ашық жауап талап етіп, қауіпті аймақтарды құрылысқа біржола жабуды сұрады.

Депутат сондай-ақ осы аумақта тұратын азаматтардың көпшілігі өз үйлерінің жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта орналасқанын білмей отырғанын айтты.

«Бұл — жай салақтық емес, халықтың өміріне төнген тікелей қатер», – деді Бақытжан Базарбек.

Сурет: orda.kz

Ұқсас жазбалар

Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп түсті. Шетелдік көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықты атап өтті.

Тоқаев Түркістан саммитінен соң: әкім мен халыққа алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша облыс әкімі мен тұрғындарға…

Түркістанда түркі мемлекеттері бас қосты: Тоқаев не деді?

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев басқосуда бірлік пен ынтымақтастықтың маңызын айтты.