Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы көп бейінді қалалық аурухананың басшылығы мен медициналық ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістердің мазмұны мен маңызы туралы кеңінен айтылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аталған өзгерістердің мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Іс-шара барысында аурухана басшылығы мен медициналық қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларға конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсінуге мүмкіндік берді.
Аталған түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамда жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық әрі нақты ақпарат беруге бағытталған.

