Categories Ақорда

Тоқаев: «Толық емес отбасыларға берілген жеңілдік – ажырасуды көбейтті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әлеуметтік саладағы қателіктерді сынға алды. Оның айтуынша, кезінде қабылданған кейбір шешімдер қоғамға теріс әсер еткен.

«Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасыға берілетін жеңілдік түрін ойлап тапқан болатын. Соның салдарынан ажырасқан отбасылар саны күрт өсті. Бір кезеңде біз бұл көрсеткіш бойынша әлемде алдыңғы қатарға шығып кеттік. Мұндай мысалдар аз емес,» – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, әлеуметтік саясатта оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет көп жыл бойы әлеуметтік масылдық пен алаяқтыққа жол беріп келген.

«Отбасы мүшелерінің барлығы нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтқанда, біз өзіміз жалқаулық пен масылдықты қалыптастырып алдық. Үкімет кемінде 15 жыл бойы осы қателікті қайталап келді,» – деді Тоқаев.

Президент әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет екенін, қоғамды еңбекке ынталандыратын жаңа жүйе қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»

В американском журнале The National Interest вышла статья Президента Касым-Жомарта Токаева о новом Основном законе страны, передает агентство Kazinform. В…

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты.…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі…