Categories Жайық news

БҚО-да спорт үйірмелерінен 1000-нан астам «өлі жан» табылды: Енді ваучерлер жаңа жүйемен беріледі

Батыс Қазақстан облысында балалар спортын жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіндегі ірі заңбұзушылықтардан кейін жаңа платформа іске қосылады. Тексеріс кезінде үйірмелерге қатыспайтын 1000-нан астам баланың тізімде тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

БҚО Казталов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиевтің айтуынша, бұрынғы «Даму бала» платформасымен жұмыс істеген бірқатар компания тарапынан өрескел заңсыздықтарға жол берілген. Құжат бойынша тіркелген жаттықтырушылар мен балалар саны іс жүзіндегі көрсеткішпен сәйкес келмеген.

Осы тексерістен кейін 11 жеке кәсіпкер өз еркімен жұмысын тоқтатқан. Нәтижесінде өңірдегі балалар спортын қаржыландыру жүйесіне айтарлықтай нұқсан келген.

Енді облыста спортты толық цифрландыру мақсатында QADAM AI жаңа бағдарламасы енгізілмек. Бұл жүйе нақты жаттығуға қатысып жүрген балаларды дәл анықтап, кезекте тұрғандардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

«Жаңа бағдарламадан қорқатын ешқандай негіз жоқ. Керісінше, көбірек мүмкіндіктерге жол ашылып, шынайы жұмыс істейтін сапалы үйірмелердің саны артатынына сенімдіміз», – деді Берік Рахымғалиев.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді жаңа платформаға тіркеу 13 ақпанға дейін жалғасады. Ал ата-аналар балаларын 14 ақпан, таңғы сағат 9:00-ден бастап тіркей алады. Дәл осы уақытта спорттық үйірмелерге арналған ваучерлер де қолжетімді болады.

Ұқсас жазбалар

Павлодар облысында шегірткеге қарсы 49 мың гектар өңделеді

Павлодар облысында 49 мың гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. 30 мың гектарда зиянкестер ошағы…

БҚО-да микроқаржы ұйымы 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген

Батыс Қазақстан облысында микроқаржы ұйымы 70 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген. Алаяқтар биометриялық деректерді қолданбай,…

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді

27 маусым күні Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі – конкурдан чемпионат өтеді. Талғар ауданындағы…