Tesla-ның Қытайдағы басты бәсекелесі саналатын BYD компаниясы соңғы төрт жылда алғаш рет шығынға батты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Электромобиль өндірушісінің жылдық пайдасы 20%-ға жуық төмендеп, 32,6 миллиард юаньді (шамамен 4,5 млрд доллар) құрады. Бұған ішкі нарықтағы «баға соғысы» мен қатаң бәсекелестік себеп болған.
Осы жылдың алғашқы екі айында компанияның нарықтағы үлесі 27%-дан 17%-ға дейін күрт құлдыраған. Әсіресе, төртінші тоқсанның көрсеткіштері нашарлап, пайда 38%-ға азайған.
Операциялық ақша ағыны 50%-ға қысқарып, қарыздары төрт есе өскеніне қарамастан, инвесторлар брендке сенім артуды жалғастыруда. Компанияның батареялар мен пилотсыз жүйелерді әзірлеудегі жетістіктері аясында BYD акциялары 17%-дан астам қымбаттады.
Енді компания жаһандық нарыққа баса назар аудармақ. Қазірдің өзінде экспорт көлемі 40%-ға артқан, ал алдағы жоспар – жыл сайын 10 миллион көлік сату.
Фото: Әлеуметтік желіден

