Categories Жайық news

Жаңаөзендегі сұмдық: Күйеуі жеті баланың анасын балаларының көзінше пышақтап өлтірген

Жаңаөзен қаласында жеті баланың анасы өз үйінде кісі қолынан қаза тапты. 44 жастағы әйелді өлтірді деген күдікке оның күйеуі ілінген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Қайғылы оқиға балаларының көз алдында болған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…