Categories Жайық news

Олимпиада-2022: Анастасия Городко ширек финалда сүрініп, жарыстан шығып қалды

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында могулдың параллельді түрінен сынға түскен қазақстандық үш спортшы да жарысты аяқтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл сында ел намысын Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова қорғады. Олардың ішінде ең үздік нәтижені ширек финалға дейін жеткен Анастасия Городко көрсетті.

Алғашқы іріктеу кезеңінде Аяулым Әмренова қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Ал тәжірибелі спортшылар Юлия Галышева мен Анастасия Городко келесі айналымға қиындықсыз өтті.

Алайда екінші кезеңде Юлия Галышева қателікке бой алдырып, жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша, ширек финалға тек Анастасия Городко жолдама алды.

Өкінішке қарай, шешуші сәтте Городко бірінші трамплиннен секіргенде тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалды. Бұл қателік оның жартылай финалға өтуіне мүмкіндік бермеді.

Осылайша, Қазақстанның могулшы қыздары Бейжің Олимпиадасындағы жарысын жүлдесіз аяқтады.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…