Categories Жайық news

Қазақстанның бокстағы болашағы қандай болмақ? Министр түсінік берді

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанның World Boxing және IBA ұйымдарындағы болашағына қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметке сүйенсек, еліміз қос ұйымның да мүшесі саналады.

Оның айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз жұмыс істейтін негізгі ұйым — World Boxing. Қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Геннадий Головкин осы ұйымның маңызды мүшесі атанған.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің сөзінше, IBA болашақта спорттан гөрі коммерциялық сипаттағы жарыстар өткізуге көшеді. Сондықтан әлемнің мықты боксшылары қатысып жатқан мұндай жарыстар біздің спортшылар үшін тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Неге Қазақстан қос ұйымға да мүше болып отыр?

Ербол Мырзабосынов бұл сұраққа «Әзірге халықаралық жарыстар өтетін болса, біз қатыса береміз. Себебі спортшылар үшін жарысқа жиі қатысып тұру маңызды» деп жауап берді.

Ол нақты шешімді халықаралық бокс ұйымдары қабылдайтынын атап өтті.

Қазақ боксшылары соңғы әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті?

Биылғы IBA чемпионаты Дубайда өтті. Онда қазақстандық спортшылар үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, World Boxing және IBA ұйымдары бір-бірімен бәсекелес саналады. Соған қарамастан, Қазақстан екеуінде де ресми мүше ретінде бой көрсетіп келеді.

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…