Конституциялық реформа: Түпкілікті шешімді халық қабылдайды – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан азаматтары қабылдайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл пікірін парламенттік реформа бойынша өткен жұмыс кеңесінде айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақордада өткен жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты. Кеңес барысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесі, өкілеттіктері мен функцияларын айқындау мәселелері талқыланды.

Ерлан Қарин 9 қаңтарда өткен Жұмыс тобының отырысында осы бағыттағы негізгі тәсілдер әзірленгенін баяндады. Ал Ержан Жиенбаев Президентке реформаға қатысты жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстарды таныстырды.

Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтайдың кезекті жиынын 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізуді белгілеп, тиісті тапсырмалар берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да полицей мен нотариус көлікті заңсыз тіркеп келген: істің мән-жайы

БҚО-да полицей мен нотариус көліктерді заңсыз тіркеген. Олар жалған құжаттар жасап, бірнеше адамға көмек көрсеткен.…

Президент: Транскаспий бағыты – қауіпсіздік пен экономиканың тірегі

Мемлекет басшысы Транскаспий бағытын дамыту қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты екенін айтты. Бұл өңір елдерінің экономикалық…

Олжас Бектенов Бакудегі Дүниежүзілік урбан форумында Президент тапсырмасын орындады

Премьер-министр Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумына қатысып, қала дамуы мен инфрақұрылым мәселелерін талқылады.