Categories Жайық news

Арман Әлімовті ұрлау ісі: Хасан Қасымбаевтың 12 жылдық жазасы өзгеріссіз қалды

Белгілі бизнесмен Арман Әлімовті ұрлау ісіне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Апелляциялық сот алқасы Хасан Қасымбаевтың 12 жылдық жазасын күшінде қалдырып, оның шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін толықтай заңды деп таныды. Осылайша, Хасан Қасымбаевқа тағайындалған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы өзгерген жоқ.

Бұл іс қоғамда кеңінен талқыланған болатын. Тергеу материалына сәйкес, Хасан Қасымбаев бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, кәсіпкер Арман Әлімовті ұрлап, одан ірі көлемде ақша бопсалаған.

Сотталушының қорғаушылары үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген еді. Алайда сот алқасы қылмыстық іс материалдарын қайта қарап, Қасымбаевтың кінәсі толық дәлелденгенін алға тартып, шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…