Categories Жайық news

«Екі адам қаза тапты» Алматыда 34 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады

Алматы қаласындағы «Сокол» саяжай қоғамы аумағында балалар мінген жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Автобуста 34 оқушы болған.

Полиция дерегінше, оқиға Hyundai Accent жеңіл көлігі автобуспен соқтығысқанда болған. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырса, оның жолаушысы ауруханада көз жұмды. Балалар мен автобус жолаушылары зардап шекпеген.

Желіде тараған видеода балалардың қорқып, рюкзактарын алып, автобустан жүгіріп шыққаны байқалады. Сондай-ақ жерде жатқан адамдарды көруге болады.

Алдын ала болжам бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобустың жолын кесіп өткен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…