Categories Жайық news

Kaspi Gold қызметі 5 есе қымбаттайды: Банк жаңа тарифтерін жариялады

Қазақстандағы ең танымал банктердің бірі Kaspi Bank бірқатар қызметі бойынша тарифтік саясатын өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа тарифтер 2026 жылдың 31 наурызынан бастап күшіне енеді. Ең басты өзгеріс Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысына қатысты. Бұрын 1 995 теңге болған бұл төлем енді бірден 10 000 теңгеге дейін өседі. Дәл осындай өзгеріс жеке кәсіпкерлерге арналған шоттардың қызмет көрсету тарифіне де енгізілген.

Сонымен қатар, бұрын тегін немесе арзан болған бірнеше қызмет үшін 10 000 теңге көлемінде жаңа комиссия бекітілді. Олардың қатарында:

  • Балаларға арналған Kaspi Gold картасына жылдық қызмет көрсету (бұрын тегін болған);
  • Картаны жоғалтқан, ұрлатқан немесе зақымдаған жағдайда қайта шығару (бұрын – 1 995 теңге);
  • Картаны бұғаттау және кейіннен бұғаттан шығару (бұрын тегін болған).

Бұдан бөлек, ай сайынғы 300 000 теңге лимиттен асқан жағдайда, басқа банктердің банкоматтары мен кассаларынан қолма-қол ақша шешу комиссиясы 0,95%-дан 5%-ға дейін көтеріледі. Бұл жоғарылатылған тариф жұмыс берушіден түспеген қаражатқа қолданылады.

Фото: Kaspi

Ұқсас жазбалар

Оралда әйел жеке суреттерді таратпау үшін ер адамнан 500 мың теңге бопсалаған

Оралда 31 жастағы әйел ер адамнан жеке суреттерін таратпау үшін 500 мың теңге бопсалаған. Ол…

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен ұсталды: Абай аудандық бөлімінің қызметкері қамауда

Оралда Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде кәмелетке толмаған қызды…

В Уральске прошёл инвестиционный форум «Капитал роста: новые возможности региона»

В Уральске прошёл инвестиционный форум «Капитал роста: новые возможности региона», организованный акиматом Западно-Казахстанской области и…