Түркиядағы жол апатынан қазақстандық қайтыс болды: Антальядағы оқиға

Түркияның Анталья провинциясындағы Серік ауданында жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше күндіз болған. Қазақстандық жүргізуші басқаруындағы жеңіл көлік жолдың қиын учаскесінде қарсы бағытта келе жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, жеңіл көлік орыннан аударылып, өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер келгенше көлік толығымен жалынға оранған. Жүргізушінің денесін анықтау қиынға соқты, — деді Түркия полициясының өкілі.

Қайтыс болған азаматтың жеке басы анықталып, туыстарына хабарланған. Қазіргі уақытта Қазақстанның Антальядағы консулдығы марқұмның денесін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Түркия билігі жол-көлік оқиғасының мән-жайын тергеуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың сол учаскесінде жол белгілерінің жеткіліксіз орнатылғаны анықталған.

Ұқсас жазбалар

Шетелден 4 күдікті Қазақстанға жеткізілді: терроризмге қатысы бар

ҰҚК шетелден 4 күдіктіні Қазақстанға қайтарды. Олар терроризмге қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған.

Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жетті: неге жабық режимде өтеді?

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс құпия түрде сотқа жолданды. Процесс жабық…

13 сәуірде ауа райы құбылмалы: солтүстікте бұршақ, батыста жылы

13 сәуірде Қазақстанның солтүстігінде бұршақ пен күн күркіреуі күтілсе, батыс пен оңтүстікте күн жылы болады.