Categories Көңіл ашар

Silk Way Star жобасының финалы Қытай орталық телеарнасында көрсетілді

CCTV-15 телеарнасы Астанада өткен Silk Way Star гранд-финалын көрсетіп, қытайлық көрермендер ақтық сында сахнаға шыққан әншілердің өнерін тамашалады.

✔️ Silk Way Star Азиядағы алғашқы халықаралық вокалдық байқау. Шоу ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиа корпорациясы арасындағы Silk Way Star халықаралық жобасын құру туралы келісім аясында жүзеге асырылды. Байқаудың барлық 10 шығарылымы Jibek Joly және Silk Way телеарналарынан көрсетілді. Финал алты тілде тікелей эфирде көрсетіліп, жобаның жалпы аудиториясы 1 млрд адамнан асты.

@ptrkkz

Ұқсас жазбалар

Роза Рымбаева Астанада жанкүйерлерімен кездеседі: концерт күні белгілі болды

Қазақ эстрадасының аңызы Роза Рымбаева Астанада концерт өткізетінін Instagram-да жариялады. Нақты күні мен орны әзірге…

Рыбакина Римде Плишковамен шеберлік сынасады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Бұл…

Дзюдодан Қазақстан қоржынына 8 медаль: Астанадағы Grand Slam турнирі қалай өтті

Астанада өткен Grand Slam дзюдо турнирі аяқталды. Қазақстандық балуандар 8 медаль жеңіп алды: 2 алтын,…