«Сүйікті қалам – Атырау»: қала күніне арналған гала-концертке 10 мыңға жуық тұрғын қатысты

Атырауда қала күні мерекесіне орай өткен «Сүйікті қалам – Атырау» атты гала-концертке 10 мыңға жуық тұрғын жиналды.

Мерекелік шараның шымылдығы қала әкімі Шәкір Кейкиннің құттықтау сөзімен ашылды. Ол қала тұрғындарына ізгі тілегін білдіріп, Атыраудың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айтты.

Кеш барысында еліміздің эстрада жұлдыздары Балжан Бидаш, Қазыбек Құрайыш, Тұрар Ыдырыс және жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Гала-концерттің соңы Атырау аспанын жарыққа бөлеген отшашумен қорытындыланды.

Ұқсас жазбалар

Үш күнге ауа райы болжамы: суық антициклон әлі де кетпейді

Антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы үш күнде де Қазақстан аумағында өз әсерін сақтайды.

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді: ту қабылданды

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді. Халықаралық федерацияның туы салтанатты түрде тапсырылды.

Мажарстан премьері Тоқаевқа алғыс айтты: жеңіс құттықтауына жауап

Мажарстан Премьер-министрі Петер Мадьяр Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдап, сайлау жеңісімен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.