Categories Қаржы

«KEDEN» жүйесі 5 мың заңбұзушылықты әшкереледі: кеденде адами фактор азайды

Қазақстанда кедендік рәсімдерді автоматтандыруға арналған «KEDEN» ақпараттық жүйесі 5 мыңға жуық заңбұзушылықты анықтады. Бұл жүйе мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адами факторды азайту үшін іске қосылған еді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«KEDEN» жүйесі кедендік бақылау мен рәсімдерді толық автоматтандыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, қызметкерлердің тікелей араласуынсыз-ақ көптеген бұзушылықтар анықталып жатыр.

«Жүйе іске қосылғаннан бері 5 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелді. Бұл – адами фактордың азайғанын көрсетеді», – дейді мамандар.

Жаңа жүйе кедендік қызметтердің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізуде. Бұдан былай кеденшілердің жұмысы цифрлық форматқа көшкендіктен, қателіктер мен заңсыз әрекеттердің алдын алу оңайырақ болады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық AEROO EdTech стартапы Вьетнам, Индонезия және Сингапурға жол тартты

Қазақстандық AEROO EdTech-стартапы Вьетнам, Индонезия және Сингапурда қызмет көрсете бастады. Жоба инженерия мен білім беруді…

Электр қуаты қымбаттай ма: Министрлік тарифтің өсу себебін айтты

Энергетика министрлігі электр энергиясы тарифінің өсу мүмкіндігін растады. Негізгі себеп – компаниялардың қарызы мен жөндеу…

Доллар мен еуро қанша тұр: 10 мамырдағы теңге бағамы

10 мамырда Қазақстанның ірі қалаларында доллар, еуро және рубльдің орташа бағамдары белгілі болды. Доллар 450-455…