Categories Жайық news

Белгісіз біреулер арандатқан: Адвокат КазТАГ басшысы Әсет Матаевқа шабуыл жасалғанын мәлімдеді

«КазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев Алматыдағы төбелестен кейін бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іске тартылды. Оның адвокаты журналиске бірінші болып шабуыл жасалғанын айтып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 наурызға қараған түні Достық даңғылындағы барлардың бірінің маңында болған.

«Оған қатысты бұрын таныс емес бірнеше адам тарапынан арандату болды. Түнде Әсет досымен бірге бардан шығып, таксиге бара жатқан, ешкімге тиіскен жоқ. Сол кезде екі адам жақындап келген. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Олар дау шығарып, арты төбелеске ұласқан», – деді адвокат Анна Керімова.

Қорғаушының айтуынша, оның қорғауындағы азамат ауыр жарақат алған. Сот-медициналық сараптама оның басынан ашық жарақат алғанын, маңдай сүйегінің сынғанын және денесі көгергенін анықтаған.

Осыған қарамастан, полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін төбелеске қатысқандардың барлығын ұстаған. Адвокат 19 наурызда Матаевпен уақытша ұстау изоляторында кездесуді жоспарлап отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…