Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Еңбек күні құтты болсын!

Бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар.

Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз.

Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген, әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатын және әр істе алғырлық пен жаңашылдық танытатын отандастарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Біз қоғамда адал еңбекті кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақты еңбекқор етіп тәрбиелей отырып, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалаймыз.

Жауапкершілігі жоғары, ниеті таза, отаншыл азаматтарымыздың арқасында біз дамыған және өркениетті ел болу міндетін абыроймен орындаймыз деп сенемін.

Қазақстанның барлық азаматтарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Тоқаев өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобаларды талқылады

Президент Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдап, өнеркәсіп пен инфрақұрылымдық жобаларды талқылады.

Астанада апта ортасына дейін жауын жауып, күн бұлтты болады

Астанада апта ортасына дейін жауын жауып, күн бұлтты болады. Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбі мен сейсенбіде жаңбыр…

Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы қауіпті: үсік, найзағай, бұршақ

Қазгидромет 11 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің 16 өңірінде түнгі үсік, найзағай және бұршақ…